IV Құрылтайға келген қандастарымыз футболдан сайысқа түсіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
IV Құрылтайға келген қандастарымыз футболдан сайысқа түсіп жатыр

IV Құрылтайға келген қандастарымыз футболдан сайысқа түсіп жатыр

Бүгін Астанада Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы аясында шетелден келген қандастарымыз футболдан сайысқа түсіп жатыр.

  • 27 Мамыр 2011
  • 536
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Ресей, Моңғолия, Еуропа, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Қазақстан командаларының қатысуымен футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр. Атап айтқанда Құрылтайдың аясында аталған елдерден келген қандас жастар өзара сайысқа түсетін болады. Енді спорт арқылы дүниежүзіндегі қазақ жастарын біріктіріп, болашақта басқа да спорт түрлерінен осындай жарыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр»,-деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

Оның сөзіне қарағанда, футболдан жеңімпаз болып танылған командалар арнайы кубоктармен және дипломдармен марапатталатын болады.

«Сонымен қатар бүгін қазақтың ұлттың ойындарын да Құрылтай қонақтарына насихаттап көрсетіп жатырмыз. Яғни, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі сынды спорт түрлері жұртшылықтың назарында болады. Ұлттық спорт түрлерінің ережелерін ағылшын, қазақ тілдерінде таратып беріп жатырмыз. Енді, бұл кейіннен барша әлемге кеңінен таралуына өз септігін тигізеді деген ойдамын»,-деді Е. Қанағатов.

Соңғы жаңалықтар