Жарияланды: 770

Иван Дычко бүгін кәсіпқой бокста екінші кездесуін өткізеді

Иван Дычко бүгін кәсіпқой бокста екінші кездесуін өткізеді

Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко жергілікті уақытпен 13 қыркүйек күні кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дычко бүгін өзінің instagram парақшасына жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен фото жариялады. Салмақ өлшеу қорытындысында боксшы 224 (110,7келі) фунтты көрсетті.

BoxRec мәліметтеріне қарағанда, бокс кеші АҚШ-тың Флорида штаты Тампа қаласында өтеді. Отандасымыздың қарсыласы кәсіпқой жекпе-жекте бірінші кездесуін өткізгелі отырған Родригес Кейдж. Ал бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Даниэль Лозано мексикалық Рикардо Родригеспен жеңіл салмақтағы WBO Латын Америка белдігін сарапқа салмақшы.

Еске сала кетейік, Иван Дычко 29 қыркүйек күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 34 жастағы америкалық Эйбур Райтты уақытынан бұрын жеңген болатын.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін