Иван Дычко - Эйбур Райт көз арбасты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иван Дычко - Эйбур Райт көз арбасты

Иван Дычко - Эйбур Райт көз арбасты

Ертең 27 жастағы жерлесіміз Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Ал бүгін Иван америкалық қарсыласы Эйбур Райтпен (2-1, 1КО) көз арбасты.

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 745
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге салайық, отандасымзыдың жекпе-жегі 29 қыркүйекте АҚШ-тың Даллас қаласында өтеді. Оның қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт (2-1, 1КО) болмақ.

«Ертең біз сапарымызды бастаймыз. Иван Дычконың дебюттық кездесуін кешкі сағат 9-да TV Bein Sports каналынан тамашалай аласыздар. Назар аударыңыздар, бұл жас жігіт бірнеше жылдан кейін ауыр салмақтың үздігі атанады», — деп жазды Дычконың командасы DSBoxing.

Айта кетейік, Иван Дычко екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2017 жылы америкалық The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырып, кәсіпқой боксқа ауысқан. Боксшыны бұл күнде Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос жаттықтырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар