Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның сөзінше ел футболының қазіргі жағдайы тым мүшкіл.
«Қайдағы әлем чемпионаты, Еуропа лигасы? Мына түрмен ешқайда шыға алмаймыз. Ойыншыларға еш уәжім жоқ. Тек бапкерлерді сайлайтын жоғарыдағыларды ғана сынға ала аламыз.
Футболдағы осындай былық жалғаса берсе, футбол бір орында, дамымай тұра береді. Өзбекстан бізден алға шықты, олар бізден 15 жыл алда. Тәжік бауырларымыз да алда, әлем чемпионатына шықты. Бізді Үндістан мен Моңғолия да біраздан кейін басып озады», — деп ашы шындықты айтты ол.