”Қайраттың” бас бапкері ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қайраттың” бас бапкері ауысты

”Қайраттың” бас бапкері ауысты

“Қайрат” футзал клубы бас бапкерін ауыстырды.

  • 14 Тамыз 2025
  • 134
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 Клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бразилиялық бапкер бұған дейін «Campo Mourão» футзал клубын жаттықтырған.

«Қайрат футзал клубының жаңа бас бапкері — Даниэл Жуниор.

Қош келдіңіз, Даниэл! Жаңа кезеңде сізге жарқын жеңістер мен үлкен жетістіктер тілейміз», – делінген «Қайраттың» ресми парақшасындағы жазбада.

Айта кетейік, 45 жастағы Даниэл Жуниор маусым айында қызметінен кеткен испандық Марлон Веласканың орнына келді.

«Қайраттың» жаңа бас бапкері алғашқы ресми ойынын 23 тамызда өткізеді. Бұл күні Қазақстан Суперкубогы үшін матч Орал қаласында өтсе, алматылықтар «Семей» клубымен кездеседі.