Жарияланды: 40

Канадалық боксшыны нокаутқа жіберген Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көтерілді

Канадалық боксшыны нокаутқа жіберген Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көтерілді

 

Орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланді жеңгеннен кейін BoxRec рейтингіндегі позициясын жоғарылатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лос-Анджелесте өткен жекпе-жек 5-раундта аяқталып, Әлімханұлына алғаш рет WBO Global-дың екінші дәрежелі белбеуі мен WBC Continental Americas өңірлік атағын қорғауға көмектесті. 

Әлімханұлы осы жеңісінен кейін BoxRec рейтінгінде орта салмақтағы боксшылар арасында 64-орыннан 63-ке көтерілді. 

Аталған рейтингте Әлімханұлынан жоғары тұрған қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин (2-орын) мен Қанат Ислам (32-орын) болды.

BoxRec-тің орта салмақтағы боксшылар рейтингінде жалпы саны 1580 боксшы көрсетілген. Онда WBC мен WBA чемпионы, мексикалық Сауль Альварес көш бастап тұр. Ал тізімдегі үшінші орынға америкалық Дэниел Джейкобс жайғасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін