Канело - Головкин жекпе-жегінің төрешілері бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канело - Головкин жекпе-жегінің төрешілері бекітілді

Канело - Головкин жекпе-жегінің төрешілері бекітілді

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қазылар алқасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kzсайтына сілтеме жасап.

  • 26 Тамыз 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.

BoxingScene.com мәліметінше, рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы құрамы мынадай: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома).

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында да қазылық еткен. Бірінші жекпе-жекте ол 115-113 есебімен қазақстандық жеңді деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды.

Вайсфельд те Головкин мен "Канелоның" екінші айқасында қазылық еткен. Жеңісті ол мексикалыққа берген болатын — 115-113.


 

Соңғы жаңалықтар