"Канело" Головкинді нокаутқа түсіруге мықтап бел буды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Канело" Головкинді нокаутқа түсіруге мықтап бел буды

"Канело" Головкинді нокаутқа түсіруге мықтап бел буды

"Канело" — GGG қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

  • 19 Шiлде 2018
  • 187
Фото - Caravan.kz

"Канело" қарымта жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіру үшін маңызды қадам жасады.

Басылым Dailytelegraph.com.au тілшісі Фатима Кдоуге сілтеме жасап хабарлағандай, Сауль Альварестің Геннадий Головкинге қарсы қарымта кездесуге жақсылап дайындалуы үшін, әйгілі нокаутерлердің бірі арнайы шақырылған.

"Аустралияның ең үздік панчері Билаль Аккави Сауль "Канело" Альвареске спарринг-партнер ретінде қайта шақырылды. GGG-ге қарсы жекпе-жекке дайындалуға көмектеседі", — деп жазды Кдоу твиттерде.

Естеріңізге сала кетсек, орташа салмақтағы аустралиялық боксшы Билаль Аккави – WBA бойынша Океания чемпионы. Ол 5 мамыр алдында "Канеломен" жаттығу үшін шақырылған. Алайда ол кезде допинг дауы шығып, Головкин-Альварес жекпе-жегі болмай қалған еді.


"Канело" — GGG қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар