«Канело» Головкинмен үшінші айқасқа дайын екенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Канело» Головкинмен үшінші айқасқа дайын екенін мәлімдеді

«Канело» Головкинмен үшінші айқасқа дайын екенін мәлімдеді

 

  • 25 Ақпан 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

WBC және WBA Super нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) желтоқсанда қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 36 КО) айқасуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Sports.kz.

Жексенбіде Альварес түркиялық міндетті үміткер Авни Йылдырыммен (21-2, 12 КО) айқасады, мамырда коллекциясын британдық Билли Джо Сондерстің (30-0, 14 КО) WBO титулымен толықтыруға тырыспақ, ал қыркүйекте абсолютті чемпион атағына жетпей тұрған америкалық Калеб Плантаның (21-0, 12 КО) IBF белбеуін тартып алуға тырысады.

«Кез келген нұсқаға дайынмын. Бастысы боксшының мықты болғаны, жанкүйерлерді айқас қызықтырып тұруы керек. Егер оларға Головкинмен үшінші жекпе-жек керек болса, неге жасамасқа?», — деді Альварес.


Еске сала кетсек, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен Альварес тең түсті, ал тура 12 ай өткеннен кейін «Канело» аздаған ұпай айырмашылығымен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар