"Канело" Головкиннен жеңілген боксшымен жұдырықтасқысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Канело" Головкиннен жеңілген боксшымен жұдырықтасқысы келеді

"Канело" Головкиннен жеңілген боксшымен жұдырықтасқысы келеді

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) жұдырықтасудан бас тартты.

  • 6 Маусым 2018
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оның промоутері Оскар де ла Хойя ESPN басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

GGG мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жек қыркүйек айында өтуі мүмкін деп болжанған еді. Алайда қос тарап қаржы мәселесіне келгенде келісе алған жоқ. Мексикалық боксшының командасы бокс кешінен түскен қаржының 35 пайызын ғана беруге ұсыныс айтса, Генаның командасы теңдей бөлісуге шақырды. Нәтижесінде күздегі жекпе-жек өтпейтін секілді.

Оскар де ла Хойя айтуынша, Сауль Альварес қыркүйек айында орта салмақтағы америкалық боксшы Дэниель Джейкобспен (34-2, 29 КО) жұдырықтасқысы келеді.

"Головкин 50 пайыз табысты алғысы келеді. Бірақ олай болмайды. "Канело" деген пойыз бұл бекеттен өтіп кетті. Біздің боксшының келісімшарты Дэниель Джейкобс үстелінде жатыр. Оның промоутері Эдди Хирнға ұсыныс ұнайтыны анық. "Канелоға" лайықты қарсылас табу үшін алға жылжып барамыз. Джейкобс Головкинге айтарлықтай тойтарыс берді. Тіпті көпшілігі оны жеңді деп те санады. "Канелоға" қарсы ол GGG-ден жақсы жұдырықтасуы мүмкін. Бірақ "Канело" үшін қиын жекпе-жек болады деп айта алмаймын. Мен өзім қойған талаптан кері шегінгім келмейді. Головкиннің 50 пайыз жайлы ұсынысы ешқашан орындалмайды. Біз Хирнмен келісе отырып, Джейкобсты жекпе-жекке шақырып отырмыз, — деді промоутер.

Айта кетейік, Дэниель Джейкобспен Геннадий Головкин 2017 жылдың наурыз айында жұдырықтасты. Ол отандасымызға қарсы 12 раунд текетірескен алғашқы боксшы атанды.


Негізінен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамыр күні өтуі тиіс еді. Алайда мексикалық боксшының қанынан допинг табылып, бокстан уақытша шеттетілді. Жаза мерзімі тамыз айының орта тұсында аяқталады.

Оқи отырыңыз:

Forbes Головкиннің табысын есептеді

Осы жазда мыңнан астам қазақстандық жетім бала Астанада болып қайтады

Қайтып келетініне сенемін: Марқұм Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты
 

 

 

Соңғы жаңалықтар