Жарияланды: 20

Канело ресейлік Ковалевті нокаутпен жеңді

Канело ресейлік Ковалевті нокаутпен жеңді

 

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Бұл жекпе-жек АҚШ-тығ Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтті. MGM Grand аренадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде "Канело" мен Ковалев кездесті.

Алғашқы раундтарда қарсыластар бір-бірін бақылап көрсе, кейіннен тізгінді Альварес өз қолына алды.
Тек сегізінші раундта мексикалық сәл баяу қимылдады. Бірақ ресейлік боксшының соққылары діттеген жеріне тие қоймады. Сауль сәтті қорғана білді.

Жалпы, ұпай санымен ұтып келе жатқан
"Канело" 11-раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Алдымен, сол қолымен жұмсаған соққысы Ковалевтің басына тисе, кейіннен оң қолымен ұрғаны осы кездесудің нүктесі болды.

Сөйтіп, мексикалық Сауль Альварес осымен төртінші салмақта қатарынан әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін мексикалықтардан тек боксшы осындай атаққа қол жеткізген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін