"Канелоны" допингке қатысы бар деп айыптаған Головкиннің өзі сотқа тартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Канелоны" допингке қатысы бар деп айыптаған Головкиннің өзі сотқа тартылуы мүмкін

"Канелоны" допингке қатысы бар деп айыптаған Головкиннің өзі сотқа тартылуы мүмкін

Сонымен қатар, Альварес Головкиннің Оскар Де Ла Хойяны айыптауына қатысты пікір білдірді.

  • 29 Наурыз 2018
  • 123
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 

Бапкер Абель Санчес Villainfy Media басылымына берген сұхбатында өзі жаттықтыратын Геннадий Головкиннің үндеуіне қатысты пікір білдіріп, допингпен ұсталған мексикалық Сауль Альварес пен оның промоутерін алаяқ деп атайды. 

Альварес жекпе-жекке екі ай қалғанда 17 және 20 ақпанда Мексикада допингпен ұсталған. Екі бірдей сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған. Мексикалықтың командасы бұл жағдайды боксшының ағзасына бұл препарат желінген еттен енген дегенді айтып, түсіндірген. Ал Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) Альваресті жекпе-жектерден уақытша шектеген. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығарылады. Кейінгі үш сынаманы ол АҚШ-та тапсырды — олардың барлығы да жоққа шығарылды. 

Осыған дейін Головкин Альваресті допинг қолданды деп айыптап, оның промоутері Де Ла Хойяны да сынға алған еді. Golden Boy компаниясының президенті Эрик Гомес Головкинге сөздері үшін жауап беретінін, ал "Канело" қазақстандық боксшыға шаршы алаңда жауап қайтаратынын айтқан еді. 

"Комиссияның соңғы шешімін күтетін боламыз", — дейді Санчес. — Альвареспен жұдырықтасамыз дегенге сенеміз. Геннадий қазіргі уақытта лагерьде, жаттығып жатыр. Ол да "Канеломен" жұдырықтасатынына сенімді. Егер ол кінәлі болса — кінәлі, түсінесіздер ме? Егер кінәлі болмаса — онда дәлелдесін! Ол заң бұзды, сол себепті мен әдейі айттым. Ал егер Головкин допингпен ұсталғанда — олар жекпе-жектен бас тартар еді". 

Сонымен қатар, Альварес Головкиннің Оскар Де Ла Хойяны айыптауына қатысты пікір білдірді. 

"Сіздер білесіздер ме? Головкиннің айтқанын дұрыс аударылмаған. Бұл әрине Геннадийдің қателігі — оның ағылшыншасы тым нашар. Оның ойлағаны мен айтқанын — ел басқаша түсінеді. Біздегі аудармашы бокстан еш хабары жоқ, ол Головкиннің айтқанын елге дұрыс жеткізбеген. Ол Оскарға кінә тапты деп ойламаймын. Болып жатқан жағдайға байланысты оның көңіл күйі жоқ. Оскар сотқа берсе беріп жатар. 5 мамырда Альвареспен болсын басқамен болсын Головкин шаршы алаңға шығады", — деді Санчес. 

Оқи отырыңыз:

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертіледі

Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды

Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отырГоловкин "Канелоны" жеңетініне сенімді

Соңғы жаңалықтар