“Қарсыласы тыйым салынған әдісті қолданған”: Қарағандыда 18 жасар боксшының комаға түскені рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қарсыласы тыйым салынған әдісті қолданған”: Қарағандыда 18 жасар боксшының комаға түскені рас па

“Қарсыласы тыйым салынған әдісті қолданған”: Қарағандыда 18 жасар боксшының комаға түскені рас па

Қарағанды қаласында ережесіз жекпе-жек кезінде жазатайым жағдай орын алды.

  • 23 Ақпан
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның сөзіне сенсек, жекпе-жек уақытында спортшылардың бірі тыйым салынған әдісті қолданып, нәтижесінде 18 жасар боксшы комаға түскен.

“Қарағандыда ережесіз жекпе-жектен кейін 18 жастағы спортшы комаға түсті. Яғни, қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданып, басымен төмен лақтырып жіберген. Арслан әрең тұрып, басын ұстап, бағдарынан жаңылған. Оған қарамастан жекпе-жекті тоқтатпаған. Кездесу аяқталған бойда, есінен танып құлап, қырылдап демала бастапты. Оған шұғыл операция жасалды. Ол қазір 2-3 дәрежелі комада жатыр. Өлім аузында деген сөз”, — деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол ережесіз жекпе-жек шоуларын ұйымдастыратындарды қатаң сынады.

“Айтпағым, бұл жерде ұйымдастырушы тарапты қатаң жауапқа тарту керек. Бұған дейін осылай мектеп оқушысы қайтыс болған еді. Кейін аралас жекпе-жекке 19 жастан бастап шығу жөнінде талап қойылып, министрлік оны ресми бекітті. Қарағандыда оны пысқырмай тұр. Біріншіден, жасы жетпеген баланы октагонга шығарды. Екіншіден, жекпе-жекті тоқтатпады. Үшіншіден, сол жерде жедел жәрдем болмады. Арслан бір мысал ғана. Дәл осылай апта сайын балалар мен жасөспімдерді октагонға шығарып, бір-бірімен төбелестіліп жатыр. Қазір қызық шығар. Бірақ, болашақта олар мүгедек болады. Өйткені, сүйектері мен буындары қатпаған. Әсіресе, бас сүйектері жұмсақ. Сәйкесінше, қайғылы жағдайға әкеледі. Осындай шоу ұйымдастырғыштар және сол арқылы ақша жасағыштар ұлт болашағына балта шауып жатыр. Масқара!”, — деп жазды ол.