“Кәсіпқой бокста чемпион болғым келеді”: Сәкен Бибосынов алдағы жоспарлары туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кәсіпқой бокста чемпион болғым келеді”: Сәкен Бибосынов алдағы жоспарлары туралы айтты

“Кәсіпқой бокста чемпион болғым келеді”: Сәкен Бибосынов алдағы жоспарлары туралы айтты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, боксшы Сәкен Бибосынов алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

  • 11 Тамыз
  • 160
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Боксшы  Pulse Fighting You Tube арнасына берген сұхбатында кәсіпқой спорттағы гонорары туралы айтты.

”Жапониялық промоутерлер жақсы ұсынып жатыр. Маған негізі ақша маңызды емес. Осы жайлы маған ағам да айтады. Сен ақшаны ойлама, тек тарих жаса дегенді қайталап отырады. Тарих жасағым келеді. Олимпиаданың алтынын алғым келген, бірақ бұйырғаны қола болды. Екінші Олимпиадамда басты қарсыласым Дусматовтан ұтылдым. Сондай-ақ әуесқой бокста әлем чемпионы болдым. Өз тарихымды жазып келе жатырмын. Енді кәсіпқойда да тарих жасағым келеді. Маған ақша маңызды емес. Кәсіпқой бокста әлем чемпионы болсам, ақша өзі келеді деп ойлаймын. Кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін бұл жақта да өзіме мақсат қойдым. Бокста бизнес жасасам болды емес. Кәсіпқой бокстағы мықты 4 белбеуді алғым келеді”, — дейді Сәкен Бибосынов.

Сондай-ақ, ол әуесқой бокста өзінің басты қарсыласы болған өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кәсіпқой бокста да жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Хасанбой Дусматовпен әуесқой бокста қаншама рет  бәсекелестік, 4 рет кездестік. Енді кәсіпқой бокста жұдырықтассақ, өте тамаша болады деп ойлаймын. Бірақ бұның бәрі промоутердің еншісінде. Кәсіпқой бокста бәрі келісіммен ғой. Қос тарап келісіп жатсақ, жекпе-жек өткізуге дайынмын. Қарсы емеспін. Әуесқойдағы жекпе-жектеріміз тартысты өтті, кәсіпқойда да керемет болады», — деді Сәкен Бибосынов.


Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкекте өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Бішкекте өткен бокс кешінде Сәкен Бибосынов филиппиндік Кристиан Леганемен (6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең) қолғап түйістіріп, қарсыласын ауыр нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов — 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы Белградтағы әлем чемпионы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера