Кәсіпқой бокс: Қазақстандық қос саңлақ кезекті рет жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпқой бокс: Қазақстандық қос саңлақ кезекті рет жеңіске жетті

Кәсіпқой бокс: Қазақстандық қос саңлақ кезекті рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жектің бәрін нокаутпен аяқтап отыр

  • 15 Желтоқсан 2017
  • 762
Фото - Caravan.kz

Канаданың Сорель-Трэси қаласында өткен бокс кешінде Абылайхан Құсайынов төрешілер шешімімен басым түссе, Нұрзат Сабиров өз қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абылайхан Құсайынов осымен жетінші рет жеңіске жетіп отыр. Абылайханның еншісінде 5 нокаут бар. Оның қарсыласы да осал болмады. Осы уақытқа дейін Кристиан Арразол 16 нокаут жинап үлгерді. Екі боксшының жекпе-жегі жеңіл салмақ (61,3 келі) дәрежесінде өтті.

Ал  Нұрзат Сабиров өз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жектің бәрін нокаутпен аяқтап отыр. Оның қарсыласы Франсиско Гарсия осы уақытқа тоғыз жекпе-жек өткізіп, бесеуінде нокаутпен жеңген. Екі боксшы екінші орта салмақ дәрежесінде (76,2 келіге дейін) айқасты.


 

Соңғы жаңалықтар