Кәсіпқой боксшылар Олимпиада ойындарына қатыса алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпқой боксшылар Олимпиада ойындарына қатыса алады

Кәсіпқой боксшылар Олимпиада ойындарына қатыса алады

Лозаннада 1 маусымда AIBA - халықаралық бокс қауымдастығының кезектен тыс конгресінде ұйым жарғысына кәсіпқой боксшылардың әуесқой жарыстарға қатысуға шектеуін алып тастайтын түзету енгізетін болып шешті.

  • 1 Маусым 2016
  • 520
Фото - Caravan.kz

Конгреске Қазақстандық бокс  федерациясынан ҚБФ атқарушы директоры Б. Бектенов пен халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші Динара Болатбекқызы қатысты. Азия бокс конфедерациясынан оның президенті Серік Қонақбаев қатысты.

Кезектен тыс конгреске қатысқан, дауыс беру құқығы бар 88 ұлттық федерациядан 84 — оның ішінде Қазақстан бокс федерациясы — шектеуді алып тастауға дауыс берді. 4 федерация қалыс қалды.

2013 жылы енгізілген AIBA қағидасына сәйкес кәсіпқой боксшылар олар кемінде 15 айқас өткізген жағдайда, Олимпиадалық ойындарға қатысуға құқығы болған.

Бүгін енгізілген түзетулер жасынан, тәжірибесінен, айқас санынан тыс кез келген кәсіби боксшыға Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік береді.

Ұйым басшысының айтуынша, AIBA «ұлттық федерациялар шектеуді алып тастауға дауыс беруін» қолдайды, өйткені «бұл AIBA-ға тұтастай бокстың барлық түрін (әуесқой ғана емес, кәсіпқой да) басқаруға ықпал етеді.

Бұдан бұрын AIBA президенті Чинг-Куо Ву атап өткендей, спорттың әр түрінде — оның ішінде теннис, баскетбол, футбол, және т.б. — кәсіпқой спортшылар Олимпиада ойындарына қатыса алады.   Доктор Ву Olympic Agenda-2020 олимпиадалық қозғалысты реформалау бағдарламасына сүйенді, онда Олимпиадаға ең үздік спортшылар қаысуы қажет делінген.


Кәсіпқой боксшылардың Рио-де-Жанейрода өтетін жарысқа қатысуы үшін AIBA Венесуэлада 4-9 шілдеде тағы бір APB/WSB іріктеу турнирін ұйымдастырып, өткізуді жоспарлайды. Онда 2016 жылғы Олимпиадаға 26 жолдама ойналады.
null 

 

Соңғы жаңалықтар