Катар-2022: Әлем чемпионатында Бразилия мен Хорватия ширек финалға шықты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Катар-2022: Әлем чемпионатында Бразилия мен Хорватия ширек финалға шықты

Катар-2022: Әлем чемпионатында Бразилия мен Хорватия ширек финалға шықты


Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Жапония – Хорватия және Бразилия - Оңтүстік  Корея командалары сынға түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

  • 6 Желтоқсан 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Топтық бәсекеде Германия мен Испанияны ұтып, сенсация жасаған Жапония құрамасы Е тобында бірінші орынға ие болған еді.

Бүгін жапониялықтар  хорватиялықтарға жол берді. 1-1 есебімен тең түскен екі команда жеңімпазды пенальти арқылы анықтады. 

Ал Бразилия болса Оңтүстік Кореяны еш қиындықсыз 4 -1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. 

Бұл жолы бірінші таймда бастапқыда хорваттар гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. Есесіне 43-минутта бұрыштамадан ұйымдастырылған шабуылдан кейін жапониялық Дайдзэн Маэда есеп ашты – 1:0.

Екінші кезеңде 55-минутта Деян Ловреннен пас алған Иван Перишич допты баспен дәл соғып, таразы басын теңестірді – 1:1.


Бұдан кейін екі экстратаймға ұласқан ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда Хорватия қақпашысы Доминик Ливакович үш бірдей соққыны қайтарды.

Осылайша, пенальти бәсекесінде 3:1 есебімен жеңіске жеткен Хорватия ширек финалға жолдама алды. Златко Далич шәкірттері 9 желтоқсанда Бразилия – Оңтүстік Корея матчының жеңімпазымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар