Қазақ боксшыларын төрешілер ешқашан сүйреген жоқ - Бекзат Нұрдәулетов - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ боксшыларын төрешілер ешқашан сүйреген жоқ - Бекзат Нұрдәулетов

Қазақ боксшыларын төрешілер ешқашан сүйреген жоқ - Бекзат Нұрдәулетов

Бокстан әлем және Азия чемпионы Бекзат Нұрдәулетов төрешілер туралы өз ойын айтты.

  • 25 Тамыз
  • 160
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында төрешілердің қазақ боксшыларына әділетсіздік танытатын сәттердің жиі кездесетінін мәлімдеді.

“Қазір төрешілікте мәселе бар, ол көп айтылуда. Біз мұны Токио Олимпиадасынан бастап айттық, бірақ ешкім мән бермейтін. Сол уақытта сол мәселеге мән берілмеген соң, Парижде де бұл жағдай қайталанды. Енді алдағы Лос-Анджелес Олимпиадасында бұл жағдай жойылса екен деп тілеймін. Төрешілердің бүйрек бұратынына енді назар аударылып жатыр.

Негізі, біздің қазақ боксшысы жекпе-жекте жеңіліп, бірақ төрешілер жеңісті алып берді деген жағдай мүлде болмаған. «Біздің бала ұтылып тұр еді, бірақ төрешілер болысты», — деген әңгімені естігенім жоқ. Керісінше, ұтып тұрған жекпе-жекті қарсыласқа бере салатын сәттер көп.

Біз үшін мұндай жеңіс керек емес. Біз жеңсек, таза, әділ жеңеміз. Өзің де келесі жолы абыроймен жүру үшін керек бұл. Қазақ боксшыларын төрешілер ешқашан сүйреген жоқ”, — деді Нұрдәулетов.

Еске сала кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера