Қазақстан хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Қазақстан хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Пучсерда қаласында (Испания) хоккейден IB дивизионы аясында әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды.

  • 13 Сәуiр
  • 2
Фото: Хоккей федерациясының баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын Латвияға қарсы өткізді.

Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Буллит сериясында қарсылас команда басым түсті.

Қазақстан – Латвия 2:3 (буллит бойынша)

(1:0, 0:0, 1:2, 0:0, 0:1)

1:0 – 06:25 – Зубкова (Куценко, Мескини)

1:1 – 50:05 – Силияне (Рулле)

2:1 – 52:54 – Шегай (Молдабай, Оразбаева) – артық құрамдағы гол

2:2 – 53:53 – Таубе (Рулле)

2:3 – 65:00 – Рулле (буллит)

Келесі ойынын Қазақстан құрамасы Нидерландқа қарсы өткізеді. Матч 13 сәуірге жоспарланған.