“Қазақстан құрамасының өз ойын стилін қалыптастыру керек”: Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойынға қандай “тосын сый” дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақстан құрамасының өз ойын стилін қалыптастыру керек”: Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойынға қандай “тосын сый” дайындады

“Қазақстан құрамасының өз ойын стилін қалыптастыру керек”: Талғат Байсуфинов Бельгияға қарсы ойынға қандай “тосын сый” дайындады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов алдағы матчтарға дайындық барысы туралы айтты.

  • 11 Қараша 2025
  • 434
Фото: видеодан скрин

Бұл туралы “Бірінші бол” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Талғат Маруаұлы журналистің “Бельгияға қарсы ойынға қандай “тосын сый” жасауға болады” деген сұрағына жауап берді.

”Қандай тосын сый? Ол — біздің құпиямыз. Бірақ олар қандай тосын сый көрмеген ойыншылар. Төрт қорғаушымен ойнап жатырмыз. Ол да жігіттердің өз қалаулары”, — дейді ол.

Бап бапкер ұлттық құраманың өз стилін қалыптастырудың да маңызын айтты.

”Әрине, жағдайды түсініп отырмын. Бұған дейін айтқанымдай, алдымызға максималды тапсырма қоямыз. Лайықты ойын көрсетуге тырысамыз. Жанкүйерлерді, халықты біз де естіп отырмыз. Тек ғана жеңіске ойнаймыз. Ол жігіттерге де мотивация. Бельгияға қарсы ойынмен біздің құрама тоқтап қалмайды. Бізге Қазақстан құрамасының өз ойын стилін қалыптастыру керек. Жігіттерге де қазіргі ойын стилі ұнап тұр, жанкүйерлерге де ұнап жатыр”, — дейді ол.

Сонымен қатар, Талғат Байсуфинов жас ойыншылармен қалай тіл табысып жатқанын да түсіндірді.

”2018 жылы 98-99 жылғы жігіттерді түгел жастар құрамасына жинадым. Олармен 4-5 ойын өткізгесін оларды біліп тұрдым. Екіншіден, біздің тәжірибелі ойыншылар карьерасын аяқтап жатыр. Қазір бәріміз көріп отырғандай тез, интенсивті футбол болып жатыр. Оған жас жігіттеріміз дайын. Сол жігіттермен сөйлесіп, бір толқында болуға тырысамын. Қазір ұлттық құрамаға үшінші рет келіп отырмын. Әрине, анализ жасаймыз. Жасымыз да келді. Бұрын жігіттермен қаттырақ сөйлессек қазір жас жігіттерге басқаша әдіс қажет. Бастапқы уақытта жігіттерге қарай икемделу керек. Үйретіп алғаннан кейін қалай болатынын көреміз”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы жыл соңына дейін екі матч өткізеді: алғашқысы – Бельгияға қарсы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында, екіншісі – Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу.