Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
ҰОК мәлімдеуінше, әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан ерлер құрамасы бірнеше күн бұрын 1/8 финалда Францияға жол берді.
Ұлттық құрама қазір 9-16 орындар үшін күресіп жатыр. Алғашқы матчта қазақстандықтар Болгарияға есе жіберді. Кездесу 3:2 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
Осылайша, енді қазақстандық волейболшылар 13-16 орындар үшін сынға түседі.