Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дана Әбдірова финалға дейін жетті. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Джиованна Андрадеден басым түсті.
Алайда шешуші белдесуде Дана жапониялық Мио Шираканеге есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.