Қазақстандық спортшылар ММА-ден Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық спортшылар ММА-ден Азия чемпионы атанды

Қазақстандық спортшылар ММА-ден Азия чемпионы атанды

Ливанның Джуния қаласында ММА-ден үш жас ерекшелігі бойынша Азия чемпионаты аяқталды. Аталған сында Қазақстан командасы жоғары нәтиже көрсетіп, қатарынан 11-рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

  • 11 Желтоқсан
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

IMMAF-2025  Азия біріншілігіне сары құрлықтың 20 мемлекетінен 400-ден аса спортшы қатысты. Бұл сында еліміздің намысын ресми түрде аккредиттелген Біріккен Қазақстан ММА федерациясының спортшылары абыроймен қорғап шықты. 

Ливан төрінде Қазақстан құрамасы сапынан 37 спортшы бақ сынап, оның 31-і медальмен оралып отыр. 

Атап айтар болсақ, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Ілияс Бақытжан (52 келі), Берік Айдын (57 келі) және Темен Жанділда (62 келі) чемпион атанды. 

16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер бәсекесінде Мия Горадзе (52,2 келі), Руслан Қайыржанов (61,2 келі) және Руслан Мамедовтер (74,8 келі) топ жарды. Карим Нурусов екінші, Еркебұлан Исламғали мен Егор Ященколар үшінші орыннан көрінді.  

18-20  жас аралығындағы жастар арасында Аида Абылаева (52,2 келі), Камилла Ким (56,7 келі), Егор Желтов (56,7 келі), Әлішер Ақбақытов (70, 3 келі), Эмирхан Ораз (74,8 келі), Дінмұхаммед Қуанғалиев (+97 келі) алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек, жастар командасының еншісінде 2 қола жүлде бар.

Ал ересектер арасында төмендегі спортшылар ММА-ден Азия чемпионы атанды: 

Матильда Бачурина (52,2 келі), Адэль Махаметова  (61,2 келі), Мөлдір Әшірбекова (74,8 келі), Димаш Жақсылық (52,2 келі), Самғат Шабдан (70,3 келі), Диас Өсер (83,9 келі). Сонымен қатар, ересектер құрамасы Ливандағы Азия біріншілігінде 4 күміс, 4 қола медаль еншіледі. 

Жалпыкомандалық есепте ММА-ден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші орын иеленсе, жастар мен ересектер командсы жалпы есепте бірінші орынға табан тіреді. Осылайша, қазақстандық ММА-шілер қатарынан 11-рет Азия чемпионатында бірінші орын иеленіп отыр. 

Ливандағы додадаа Егор Желтов (Қарағанды облысы) пен Адэль Махаметова (Алматы облысы) үш дүркін Азия чемпионы атанды. Ал Матильда Бачурина (Ақмола облысы) мен Самғат Шабдан (БҚО) екінші рет Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды. 

Айта кетелік, бұған дейін ММА-ден Қазақстан құрамасы Грузияда өткен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера