Қазақстандық жеңіл атлет Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жеңіл атлет Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық жеңіл атлет Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті

Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті.

  • 3 Маусым
  • 7
Фото: Olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.

Айта кетейік, отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына енбеген болатын.

Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин (Грекия) — 188 сантиметр нәтижесімен иеленсе, қола медальді Стилиана Иоанниду (Кипр) — 188 сантиметр көрсеткішімен жеңіп алды.