“Қазақтардың Реалға жанкүйер болуы намыссыздық емес”: Бокс дамымай қалған елдерге тән деген жазушы тағы да мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақтардың Реалға жанкүйер болуы намыссыздық емес”: Бокс дамымай қалған елдерге тән деген жазушы тағы да мәлімдеме жасады

“Қазақтардың Реалға жанкүйер болуы намыссыздық емес”: Бокс дамымай қалған елдерге тән деген жазушы тағы да мәлімдеме жасады

Бұған дейін “Бокс дамымай қалған елдерге тән спорт” деп, көптің сынына ұшыраған жазушы Қанат Тілеухан тағы да мәлімдеме жасады.

  • 30 Қыркүйек
  • 220
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жазушының айтуынша, бүгін “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы матчта испаниялық командаға жанкүйер болған қазақтарға ренжуге болмайды.

”Қазақтар неге Реалға жанкүйер болып жатыр? Біреулер соған ренжіп жатыр. Кернейлетіп, сырнайлатып әуежайдан күтіп алды. Топтасып қонақүйдің алдында жүр деп жатыр. Бұл біріншіден қазақ жанкүйерлері мемлекетшіл емес, намыссыз дегенді білдірмейді. Бұл — футболдың құдыреті. Футбол — агрессиялы, ұратын, күресетін ойын емес. Интеллектті қажет ететін интеллектуалды спорт. Футбол адамзаттың ойлап тапқан ең ұлы спорт түрі және өнер дәрежесіне жетіп қалған спорт. Сондықтан да оны миллиондаған адамдар сүйеді. Ол жердегі сұлулық, пас беру және оны қабылдау миды жұмыс істетеді. Футболда жеңіл атлетика, секіру секілді бірнеше спорт түрі бар. Реалға жанкүйер болған қазақ азаматтарын сынауға болмайды деп ойлаймын. Әрине, Қайрат үшін тілектес, ниеттеспіз. Бірақ, футболдың құдыреті, сұлулығы сол, қазақтар Реалға жанкүйер болып жатыр. Қайрат өз алаңында жеңсін деп тілейік. Жақсы күндеріміз көп болсын”, — деді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Жазушының бұл пікірі желіде қызу талқылануда.

”Футболға интеллект керек емес ау, оның жанында бокс интеллектуалды спорт болып қалады”, “Қайратты Алла қолдасын”, “Бір түсініксіз, қате пікір екен”, “Ұратын, жұлқитын спорт емес, сіз қандай футбол көріп жүрсіз”, — деп жазды олар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера