”Қазақтың жігіттеріне олай жасай алмаймыз”: Ағайынды Сабырхандардың бапкері шәкіртін шапалақпен тартып жіберген Толқын Қылышев әрекеті туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қазақтың жігіттеріне олай жасай алмаймыз”: Ағайынды Сабырхандардың бапкері шәкіртін шапалақпен тартып жіберген Толқын Қылышев әрекеті туралы

”Қазақтың жігіттеріне олай жасай алмаймыз”: Ағайынды Сабырхандардың бапкері шәкіртін шапалақпен тартып жіберген Толқын Қылышев әрекеті туралы

Ілияс Оралбеков бокстан Өзбекстан құрамасындағы “қатаң тәртіп” туралы өз ойын айтты.

  • 10 Қазан 2025
  • 125
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ағайынды Сабырхандардың бапкері “Күнгей.кз” You Tube арнасына сұхбат берген. Онда Ілияс Оралбеков журналистің “Толқын Қылышев шәкірттеріне, олимпиада чемпиондарына шыбық салып жатады. Тіпті әлем чемпионатында шапалақпен тартып жіберді. Боксшыларды “жерге түсіру үшін” қандай әдіс қолданасыз?” деген сұрағына жауап берді.

”Әр елдің менталитеті бар ғой. Біздің қазақтың жігіттеріне олай жасай алмайтын шығармыз. Батырларды жақсы көріп тұрамыз. Оларды шапалақпен ұра алмайтын шығармын. Бірақ, балаға ұрысып, айта аламыз. Енді олардың менталитеті дұрыс емес деп те айтпаймын. Бала тәкәппарланып кетпесін дейтін шығар. Соның арқасында 5 олимпиада чемпионы шыққан шығар бәлкім. Баланың артынан “сен мықтысың” деп жүгіре бергенге қарағанда ол дандайсып кетпеуі үшін “бір шапалағын беріп қойған” да жақсы. Олардың менталитеті сондай. Қазақы менталитетте шекесінен сүйіп “жарайсың” дейміз”, — дейді Ілияс Оралбеков.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйек айында Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында ағайынды боксшылар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан бір күнде әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізген еді.