«Казцинк-Торпедо» капитаны командамен қош айтысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Казцинк-Торпедо» капитаны командамен қош айтысты

«Казцинк-Торпедо» капитаны командамен қош айтысты

Жаңа хоккей маусымында «Казцинк-Торпедо» мұз айдынға команда капитаны Сергей Александровсыз ойнамақ.

  • 15 Маусым 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Өйткені форвард клубтан кетіп қалды. Оның шешімі тұрғылықты мекенжайын Ресейге ауыстырумен байланысты. 33 жастағы шабуылшы көшуіне орай хоккейдегі қызметінің де аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Сергей Александров — өскемендік хоккей клубының түлегі, халықаралық кластағы спорт шебері. Оның жетістіктері қоржынында — 1997 жылғы Әлем чемпионы титулы (20 жасқа дейінгі, В тобы), 1999 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (В тобы), 2000 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (В тобы), 2001 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1-Дивизион, В тобы), 2002 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1-Дивизион, А тобы), 2008 жылғы Құрлықтық Кубоктың қола жүлдегері. Сондай-ақ Сергей ұлттық құрама қатарында 2006 жылы Туринде Олимпиада ойындарына қатысты.

«Казцинк-Торпедо» құрамында Сергей өз қызметінің 14 маусымын өткізді. 2007-2008 жж. маусымында ол жанкүйерлердің таңдауы бойынша команданың үздік ойыншысы атанды. 2008-2009 жж. маусымында тағы да өзінің бұл атаққа лайық екенін дәлелдеді, осы жолы оны тек жанкүйерлері ғана емес, жаттықтырушылар штабы да үздік деп таныды. Өткен маусымда (2010-2011 жж.) Сергей Александров «гол+пас» жүйесі бойынша 55 ойында 32 ұпай жинай отырып, команданың ең нәтижелі ойыншысы атанды.

Капитаннан басқа командадан шабуылшылар Роман Козлов пен Евгений Гасников та кетті. Қос ойыншы да ұсыныс түскен басқа клубтарда ойын көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар