Жарияланды: 500

«KEGOK» АҚ «Астана арландары» шеберлеріне темір тұлпардың кілтін табыс етті

«KEGOK» АҚ «Астана арландары» командасының бірқатар былғары қолғап шеберіне темір тұлпардың кілтін табыс етті,

деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен. Кеше елордадағы ҚР Бокс федерациясының базасына ат басын бұрған «Астана арландарының» бас демеушісі - «KEGOK» АҚ-ның өкілдері команда басшылары мен спортшыларын Бүкіләлемдік бокс сериясында өте нәтижелі өнер көрсетулерімен құттықтады. Кездесу соңында «KEGOK» АҚ-ның бірінші вице-президенті Серік Оспанов Бақыт Сәрсекбаев, Қанат Әбутәліпов, Қанат Ислам, Міржан Рахымжанов, Ержан Мүсәпіров, Мерей Ақшалов, Марат Молдагереев және Руслан Мырсатаевқа темір тұлпардың кілтін табыс етіп, барлық командаға байрақты бәсекелерде табыс тіледі. Бүгіннен бастап команда жаздық демалысқа кетті деуге де болады. Олар енді 1 тамызда бас қосып, Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымына дайындықтарын бастайды. Айта кетейік, 6-7 мамыр күндері Қытайдың Гуянг қаласында «Астана арландары» мен «Париж юнайтед» командалары арасында өткен Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысында еліміздің былғары қолға шеберлері париждіктерге 6:4 есебімен есе жіберген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть