Халықаралық Еуразиялық джиу-джитсу чемпионатында қазақстандықтар 6 медаль олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық Еуразиялық джиу-джитсу чемпионатында қазақстандықтар 6 медаль олжалады

Халықаралық Еуразиялық джиу-джитсу чемпионатында қазақстандықтар 6 медаль олжалады

Өткен демалыс күндері Санкт-Петербор қаласында джиу-джитсудан өткен тұңғыш халықаралық Еуразиялық чемпионатта қазақстандық спортшылар 1 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

  • 25 Қазан 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Ринат Нұрғалиев (66 келі) күміс, Альберт Алдияров (66 келі) қола, Кирилл Якимович (81 келі) алтын, Нұрлан Мүсінов (73 келі) күміс, Алмаз Мұхтаров (100 келі) күміс, Абылай Сәкеев (100 келі) күміс жүлде еншіледі.

ҚР джиу-джитсу федерациясының бірінші вице-президенті, жоғары санатты «Ханшы», 8-дан иегері Руслан Әбдіреевтің айтуынша, Қазақстанның ұлттық құрамасы әртүрлі техникаларды көрсете отырып, джиу-джитсу саласындағы халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болған.

«Біз бұл чемпионатқа өте ұзақ әрі тыңғылықты дайындалдық. Себебі біздің мықты қарсыластар күтіп тұрғанын білдік. Чемпионаттағы біздің спортшылардың жеңісі — бұл бір күннің нәтижесі емес, жылдар бойы жасалған жұмыстардың, жаттығулардың нәтижесі. Федерация, жаттықтырушылар, бапкерлер, елдің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, бірлесе тынбай жұмыс істедік», — дейді ол.

Халықаралық спорт жарысын Бүкілжапондық джиу-джитсу федерациясының қолдауымен «ИМАФ-Еуразия» ұйымы 19-21 қазан күндері өткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар