ХХVIII Қысқы универсиада ойындарының шеберлік-жоспары Халықаралық студенттік спорт федерациясында талқыланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХХVIII Қысқы универсиада ойындарының шеберлік-жоспары Халықаралық студенттік спорт федерациясында талқыланып жатыр

ХХVIII Қысқы универсиада ойындарының шеберлік-жоспары Халықаралық студенттік спорт федерациясында талқыланып жатыр

2017 жылы Алматыда өтетін ХХVIII Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарына арнап салынатын нысандардың құрылысы 2016 жылдың ортасына дейін аяқталады. Бұл туралы «2017 жылғы 28-ші студенттік ойындарды ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы» мемлекеттік қорының директоры Дербісәлі Жетпісбаев бүгін Алматыда универсиаданың тұмары мен слоганы, үздік логотипіне жарияланған республикалық байқаудың қайта өткізілетіні жөнінде мәлім еткен кезде айтты.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 506
Фото - Caravan.kz


«2017 жылғы студенттік қысқы универсиадаға дайындық шегінде, финалдық болжам және шеберлік-жоспары құрастырылып, Ұйым комитетіне келісуге жіберіледі. Оған қажетті нысандардан Алатау ауданында 5 мың адамға арналған Атлетикалық ауыл, 12 мың адамдық Мұз сарайы (Рысқұлов пен Момышұлы даңғылдарының қиылысында), Медеу ауданында 3 адамдық Мұз айдынының техникалық-экономикалық негіздемелері жасалуда. Сондықтан оған жұмсалатын қаражаттың нақты көлемін айтуға әлі ерте», — дейді Д. Жетпісбаев. Оның айтуынша, бұл спорттық нысандарда 2016 жылдың ортасынан бастап түрлі жарыстар өткізіле бастайды. Қазіргі таңда универсиаданы ұйымдастыру жұмыстарына қатысты мәжілістер соңғы кезде күн сайын өтуде. Шаһар басшысының орынбасары Виктор Долженков төрағалық ететін қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияның бұл мәжілістерін спорт нысандары орналасатын жер телімдері, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі сияқты мәселелер талқыланады.