Жарияланды: 390

ХОККЕЙ: Астананың «Барысы» алтыншы рет қатарынан жеңіске жетті

ХОККЕЙ: Астананың «Барысы» алтыншы рет қатарынан жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) чемпионатында Астананың «Барысы» Мәскеуде «Спартак» командасын 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл - Андрей Назаров шәкірттерінің қатарынан алтыншы жеңісі. «Сокольники» спорт сарайында өткен кездесудің 9-минутында «Барыстан» Кевин Даллмэн есеп ашса, 21 секундтан кейін Вадим Краснослободцев «Спартактың» қақпасын дәл көздеді. Матчтың екінші кезеңінде 33-минутта Константин Романов есепті 3:0-ге жеткізсе, көп ұзамай айдын иелерінен Александр Мерескин көзге түсті. Үшінші кезеңде «Барыстан» 50-минутта Максим Худяков мергендік танытса, «Спартактан» Глеб Клименко есепті қайта қысқартты. Дегенмен 57-минутта астаналықтар Мартен Сен-Пьердің шеберлігімен ойын нүктесін қойып, есепті 5:2-ге жеткізді. 
Қазіргі кезде «Барыстың» қоржынындағы ұпай саны 46-ға жетті. Астаналық хоккейшілер келесі кездесуін 19 қараша күні Санкт-Петерборда жергілікті СКА командасымен өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін