Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл — Андрей Назаров шәкірттерінің қатарынан алтыншы жеңісі. «Сокольники» спорт сарайында өткен кездесудің 9-минутында «Барыстан» Кевин Даллмэн есеп ашса, 21 секундтан кейін Вадим Краснослободцев «Спартактың» қақпасын дәл көздеді. Матчтың екінші кезеңінде 33-минутта Константин Романов есепті 3:0-ге жеткізсе, көп ұзамай айдын иелерінен Александр Мерескин көзге түсті. Үшінші кезеңде «Барыстан» 50-минутта Максим Худяков мергендік танытса, «Спартактан» Глеб Клименко есепті қайта қысқартты. Дегенмен 57-минутта астаналықтар Мартен Сен-Пьердің шеберлігімен ойын нүктесін қойып, есепті 5:2-ге жеткізді.
Қазіргі кезде «Барыстың» қоржынындағы ұпай саны 46-ға жетті. Астаналық хоккейшілер келесі кездесуін 19 қараша күні Санкт-Петерборда жергілікті СКА командасымен өткізеді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Спорт
19 Сәуiр