Жарияланды: 380

Хоккей: «Барыс» аутсайдерді жеңді

Кеше астаналық «Барыс» хоккей клубы Екатеринбор қаласының «Автомобилист» командасын қабылдап, өз қарсыласын 7:2 есебімен ойсырата ұтты.

Негізі, «Автомобилист» бүгінде аутсайдерлердің қатарында. Осымен ол 21-ші рет жеңіліп отыр. Оның еншісінде 16-ақ ұпай бар. «Барыс» болса, соңғы бес жеңіліске қарамастан, аутсайдермен өткізген ойында жеңіске жетті. Ал команданың бапкері Владимир Крикунов өз орнын сақтап қалды. Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға ие болып, жалпы турнирлік кестеде 15-ші орынға көтерілді. Айта кетейік, қарашаның 18-і күні «Барыстың» жігіттері «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін