Жарияланды: 320

Хоккей: «Барыс» бүгін өз айдынында «Северстальді» қабылдайды

Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы өз айдынында «Северсталь» (Череповец) командасын қабылдайды.

Айта кеткен жөн, бұған дейінгі ойында «Барыстың» жігіттері «Северстальге» жол беріп, 2:3 есебімен (буллит) ұтылған болатын. Негізі, А.Назаровтың шәкірттері биыл шатақ мінез танытып, тым қатты ойнап жүр. Оны «Барыспен» өткізген соңғы ойыннан анық байқауға болады. Бірақ қазақстандық хоккейшілер де дес беретін емес. Олар да қарсыластарына қыр көрсетіп, төбелес іздегендерге тиісті жауап бере білді. Дегенмен, сырт алаңда өткен кездесу болғаннан кейін «Барыс» негізгі уақытта ойынды өз пайдасына шеше алмады. Ал буллитте біздің бағымыз жанбай жүр. Сондықтан бүгінгі ойында «Барыс» буллитке жетпей, жеңіске қол артады деген сенім бар. Жалпы, Құрлықтық хоккей лигасының турнирлік кестесінде «Северсталь» командасы 48 ұпаймен 11-ші орында жайғасса, «Барыс» соңғы екі ойыннан кейін қайтадан 15-ші орынға түсіп қалды. Астаналық хоккей клубының еншісінде 44 ұпай бар. Естеріңізде болса, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «Астана» теларнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін