Хоккей: «Барыс» командасы «Авангардқа» есе қайтара ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» командасы «Авангардқа» есе қайтара ала ма?

Хоккей: «Барыс» командасы «Авангардқа» есе қайтара ала ма?

Бүгін астаналық «Барыс» командасы Омбы қаласында жергілікті «Авангард» командасымен кездеседі.

  • 30 Қараша 2012
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Астанада ойын өткізген осы екі команданың кездесуі 3:5 есебімен аяқталған болатын. Ол кезде «Авангард» жеңіске жетті. Қазірдің өзінде бұл команданың қарқыны жаман емес. Турнирлік кестеде «Авангард» 4-ші орында. Оның еншісінде 59 ұпай бар. «Барыс» болса, 43 ұпаймен 13-ші орында орналасты. Бүгінгі ойын «реванш» деуге болады.

Негізі, «Барыстың» хоккейшісі Вадим Краснослободцев жарақатынан айығып, мұз айдынына шыққаннан кейін «Жайлауов — Гаврилин — Краснослободцев» үштігінің күші бірден көріне бастады. Соңғы рет «Югра» командасымен өткізген ойында аталған үштіктің арқасында қарсыластардың қақпасына 4 (!) бірдей шайба соғылды. Сол кезде «Барыс» клубы «Юграны» 6:2 есебімен тізе бүктірді. Осы ойында да «Барыстың» жігіттері алған беттерінен қайтпаса, астаналық клубтың жеңіске жетуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 18:00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.