Жарияланды: 410

ХОККЕЙ: «Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

ХОККЕЙ: «Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында Астананың «Барысы» Мәскеуде жергілікті «Динамомен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңнің соңғы минутында алдымен айдын иелері (Мэт Робинсон) есеп ашты. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Үшінші, шешуші кезеңде «Барыс» хоккейшілері әбжілдік таныта білді. Әуелі Талғат Жайлауовтың пасынан кейін Вадим Краснослободцев таразы басын теңестірді. Бұдан кейін мәскеуліктер алға ұмтылды. Тіпті қорғанысты ұмытты десе де болады. Қарсы шабуыл кезінде 52-минутта Брэндон Боченскийдің пасынан кейін Найджел Доус қақпаны дәл көздеді. Матчтың соңғы минуттарында «Динамо» қақпашыны айдындағы ойыншыға  алмастырғанымен, «Барыс» өз қақпасын голдан сақтай білді. Сөйтіп Евгений Корешковтың шәкірттері «Динамоны» өз айдынында тізе бүктіріп, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Біріншілік барысында 24 кездесуден кейін 29 ұпай жинаған астаналықтар келесі ойынын 21 қазан күні Братиславада «Слован» командасымен өткізеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін