Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо»
Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы өз айдынында Беларусьтың «Динамо» (Минск) командасын қабылдайды. |
Айта кетейік, бұған дейін сырт алаңда өткен ойында «Барыстың» хоккейшілері «Динамодан» 1:2 есебімен ұтылған болатын. Оған қарамастан, бүгінде «Барыс» 47 ұпай жинап, турнирлік кестенің 14-ші орнына жайғасты. «Динамо» болса, осы уақытқа дейін 38 ұпай жинап үлгерді. Ол команда 20-шы болып келеді.
Негізі, «Динамо» командасын мықты қарсылас деп айтуға болмайды. Бұған дейінгі ойын сырт алаңда өткеннен кейін «Барыс» үшін ол кездесу қиындау болды. Ал бүгін біз қарсылас команданы өз мұз айдынымызда қабылдаймыз. Сондықтан «Барыстың» жігіттері есе қайтарады деген сенім мол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «Астана» теларнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін