Турнирлік кестеге сәйкес, «Барыстың» бүгінгі қарсыласында 39 ұпай бар. «Югра» өз дивизионында 5-ші орында келеді. «Барыс» болса, 40 ұпаймен — 4-ші орында. Ал жалпы кесте бойынша «Барыс» — 14-ші, ал «Югра» 17-ші орында.
Айта кетейік, сырт алаңда өткізген соңғы ойындарда «Барыс» командасы «Тракторды» (3:0) жеңіп, «Металлургтен» (1:5) ұтылған болатын. Ал «Автомобилистпен» өткізген ойында «Барыстың» жігіттері 5:4 есебімен жеңіске жетті.