Хоккей: Қазақстан чемпионаты 26 тамызда басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: Қазақстан чемпионаты 26 тамызда басталады

Хоккей: Қазақстан чемпионаты 26 тамызда басталады

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты 26 тамызда басталады. Бұл шешім Қазақстан хоккей федерациясының клуб басшыларымен өткен онлайн-жиналысында кеңінен талқыланды.

  • 30 Маусым 2020
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Федерация еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан біріншілігін өткізудің өзге де жолдарын қарстырып отыр. Қазір оның үш жобасы жасалған.

Қазақстан кубогы 2020 жылдың желтоқсан айында өткізіледі деп жоспарлануда. Оның нақты мерзімі мен өтетін орны оған қатысуға ниет білдірген командалар өтінішіне сай қарастырылады.

«Ал жастар лигасы биылғы жылдың қыркүйек айында басталуы тиіс. Ал қыздар арасындағы чемпионат қыркүйек немесе қазан, наурыз немесе сәуір айларына белгіленетін үш тур негізінде жүргізіледі», — деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан чемпионатының 2019/20 жылғы кезеңі коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтатылған. Нәтижесінде чемпионаттың биылғы жеңімпазы анықталған жоқ.


Бұдан бұрын хоккейден ҚР Президенті Кубогына қатысатын командалар белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар