Жарияланды: 360

Хоккей: «Тракторды» жеңе аламыз ба?

Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы өз айдынында «Трактор» (Челябинск) командасымен кездеседі.

Құрлықтық хоккей лигасында «Трактордың» бүгінгі қарқыны қатты. Жалпы есеп бойынша ол мәскеулік «Динамодан» кейін екінші орында, ал өз дивизионында бірінші орында келеді. Оның еншісінде 47 ұпай бар. «Барыс» болса, 32 ұпаймен Чернышев дивизионында бесінші орында тұр. Турнирлік кестеде біз он алтыншы орындамыз. Соған қарағанда, «Барыс» үшін бүгінгі қарсыласты жеңу қиынға соғады. Дегенмен, лига көшбасшыларын ойсырата ұтқан қазақстандық хоккейшілер бастапқы бабына келсе, бұл ойында олар жеңіске жетуі әбден мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін