Кикбоксшыны көрермендер сабап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кикбоксшыны көрермендер сабап тастады

Кикбоксшыны көрермендер сабап тастады

Ашуға мінген бір топ көрермен рингке шығып, Нидерландыдан келген кикбоксшы Мертел Гронхартқа шабуыл жасады. Ал мұның алдында Гронхарт ар

  • 12 Маусым 2017
  • 533
Фото - Caravan.kz

Ашуға мінген бір топ көрермен рингке шығып, Нидерландыдан келген кикбоксшы Мертел Гронхартқа шабуыл жасады. Ал мұның алдында Гронхарт армян спортшысы Арут Григорянды нокаутқа түсірген болатын. Оқиғаның видеосы NewsTubeClips YouTube-арнасында пайда болды.

Болжам бойынша, жанкүйерлерге спортшының қарсыласына артынан шабуыл жасағаны ұнамаған. Григорян басына тіземен жасалған соққыдан кейін қорғанбай, өз бұрышына қарай бара жатқан. Төреші жекпе-жекті тоқтатпаған, сондықтан Нидерланды спортшысы оны ереже бойынша нокаутқа түсірген.

Ал Желіде көптеген қолданушылар голланд спортшыны ұрып-соққан көрермендерді жақтап, Гронхарт қарсыласына құрметсіздік көрсетті деп отыр.

Видеоға қарағанда, жанкүйерлер оған бірнеше соққы жасаған. Оларды турнир ұйымдастырушылары мен күзетшілер тоқтатқан


 

Соңғы жаңалықтар