Конькишілеріміз енді Астанада жаттыға алады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конькишілеріміз енді Астанада жаттыға алады

Конькишілеріміз енді Астанада жаттыға алады

Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының коньки тебу спортының ұлттық құрама командасы «Алау» мұз айдыны сарайында жаттығуларын бастады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

  • 15 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Айта кету керек, бұған дейін ұлттық құраманың жыл он екі ай елде жаттығуына мүмкіндік жоқ болатын.

Азия ойындарын өткізуге байланысты Астана қаласында коньки тебу жабық стадионы салынды. Заманауи технологиялармен барлық жағынан әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны сарайында енді ұлттық құрама спортшылары жаттыға алады. Дәл осы мұз айдыны сарайында ағымдағы жылдың қараша айында Әлем кубогының ІІ этапы, ардагерлер арасындағы Әлем кубогы және Азия чемпионатының өткізілуі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар