Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды

Конор Макгрегор АҚШ-та қамауға алынды

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор Флорида штатындағы Майами-Бичте қарақшылық жасап, шығын келтірді деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды жергілікті полиция.

  • 12 Наурыз 2019
  • 256
Фото - Caravan.kz

​Полиция мәліметіне сүйенсек, Макгрегор дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 17.56 кезінде ұсталған. Спортшы қонақүйден шығып бара жатқанда, жәбірленуші оны ұялы телефонға түсіріп алмақ болады. ММА файтері ер адамның қолынан телефонды ұрып түсіріп, таптап, сындырып тастапты.

Содан соң Макгрегор телефонды алып, кетіп қалған. Ал жәбірленушінің айтуынша, ұялы байланыс құралы мың доллар тұрады екен.


Еске сала кетсек, аралас жекпе-жек шебері, ирландиялық Конор Макгрегор былтыр 6 қазанда UFC чемпиондық титулы үшін кездесуде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалды. Сонымен, Макгрегордың қоржынында 21 жеңіс және төрт жеңіліс бар.

Соңғы жаңалықтар