Көшпенділер ойындарында қазақтар қазақша күрестен ешкімге дес бермеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көшпенділер ойындарында қазақтар қазақша күрестен ешкімге дес бермеді

Көшпенділер ойындарында қазақтар қазақша күрестен ешкімге дес бермеді

Қазақстандық спортшылар Қырғызстанда өтіп жатқан Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында күрестен алтын медальдың басым бөлігін жеңіп алды,-де

  • 6 Қыркүйек 2016
  • 529
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық спортшылар Қырғызстанда өтіп жатқан Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында күрестен алтын медальдың басым бөлігін жеңіп алды,-деп хабарлайдыToday.kz Sputnik.kg сайтына сілтеме жасап. Бас-аяғы 20 жүлде тігілді, қазақстандықтар ел қоржынына төрт алтын, бір күміс медаль салды.

60 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз Талғат Шегенов, 70 килограмм – Әділет Сейілханов, 80 килограмм — Дәулет Пахриденов, ал 90 килограммда Сұңғат Закарияев чемпион атанды. Еламан Ерғалиев 90 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медаль алды.

54 елдің спортшылары қатысып жатқан II Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр. Спортшылар ұлттық спорттың 26 түріне қатысты. Ақтық ойындар Чолпон-Ата сауықтыру кешенде өтті. Ал, қазақша күрексе он жеті елдің елу сегіз палуаны қатысты.


Бұған дейін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына белгілі американдық актер Стивен Сигал келеді жеп жоспарланған еді. Бұл туралы ұйымдастырушылар дайындық барысында хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар