Жарияланды: 690

Криштиану Роналду төртінші мәрте «Алтын бутсы» иегері атанды

Криштиану Роналду төртінші мәрте «Алтын бутсы» иегері атанды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуға еуропалық чемпионаттардың үздік шабуылшысы ие болатын «Алтын бутсы» сыйлығы табысталды. 

Өткен маусымда ол Испания чемпионатында 35 матч өткізіп, бір маусымда 48 рет доп кіргізіп, жеке рекордын орнатқан.

«Мен үшін өте маңызды күні осында келгендердің бәріне рахмет. Төртінші «Алтын бутсыды» алу - үлкен құрмет. Бұл - мен үшін өте маңызды олжа. Командадағы серіктестеріме және жақсы физикалық жағдайда болуыма көмектескен барлық адамдарға рахмет айтамын. Бірақ мен үшін бұл жеткілікті емес. Бесінші, алтыншы «Алтын бутсыларды» алғым келеді», - деп жазады Роналдуның сөздерін «Спорт-Экспресс».

Бұған дейін Роналду «Алтын бутсыды» 2008 жылы «Манчестер Юнайтед» ойыншысы ретінде және 2011 және 2014 жылдары «Реал» үшін ойнағанда алған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін