Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кілемге бірінші болып грек-рим күресінің өкілдері шығады. 21 қазанда біліктілік раундтары мен жартылай финалдар болмақ. Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады.
Қазақстан командасынан бүгін келесі спортшылар бағын сынайды:
60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев
67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошкар
72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов
82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев
97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов