96 келіге дейінгі салмақта Рахат Бекболат 323 келі (144 жұлқа және 179 серпе) көрсеткішімен әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол жұлқа көтеруде "кіші" күміс және серпе көтеруде "кіші" алтын жүлдеге қол жеткізе алды.
Мұның алдында Қазақстан құрамасы сапында Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейін), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейін, жаңа әлемдік рекорд орнатты) және Сәпи Есенгелді (81 келіге дейін) алтын алған болатын.
Лас-Вегастағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 15 наурызда аяқталады. Жарысқа әлемнің 50 елінен 13-17 жас аралығындағы екі жүзден астам атлет қатысуда. Чемпионтқа Қазақстан бес спортшы апарған. Осылайша, Қазақстан құрамасының барлық қатысушысы алтынмен оралады.