Левиттің алтынын қайтарып берулері мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Левиттің алтынын қайтарып берулері мүмкін

Левиттің алтынын қайтарып берулері мүмкін

Егер боксты Олимпиада бағдарламасынан алып тастаса, төрт жылда бір өтетін айтулы додада алтын медаль саны кемитін болады

  • 6 Ақпан 2018
  • 945
Фото - Caravan.kz

Жуырда Халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы Токио Олимпиадасынан әуесқой боксты алыптастау мүмкін деген деген ақпарат тараған болатын. Rатеl.kz тілшісіне осы мәселеге қатысты бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали АЙТЖАНОВ өз пікірін білдірді.

— Қазір бокс қауымдастығы қыл үстінде тұр. Бұл бір жылдың ішінде болған нәрсе емес. Жекелеген адамдардың жұмысындағы кінәрат үшін боксты олипиададан алып тастамас деген ойдамыз. Бокс терең тарихы бар спорт түрі. 1904 жылдан бері Олимпиадалық спорт түрлеріне жатады. ХОК-ті мыңдаған бапкерлер мен спортшылардың еңбегін, бокс жұлдыздары мен жанкүйерлердің пікірімен санасады деп ойлаймын, — дейді Мырзағали Құланұлы.

«Р-Спорт» порталының хабарлауынша,комитет төрағасы Томас БАХ боксты алдағы Олимпиададан алып тастау мәселесін қарастырып жатыр екен.Комитет басшысы AIBA төрешілерінің жұмысы мен допингке қарсы күресіне көңіл толмайтындығын да атап өткен. Атап айтқанда ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақ боксшысы Василий Левитті жеңген кездесу және екіншісі тағы бір ресейлік Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы кездесу.Бұл жекпе-жектер Рио олимпиадасында өткен еді.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, бокс олимпиада сайын алтын алып келіп жүрген Қазақстандағы нөмірі бірінші спорт түрі. Егер боксқа қатысты ХОК қатаң жаза қолданса алдағы спорттық дода да алтындар саны азаятыны сөзсіз дейді.


— Бұл жерде Левит пен Тищенко арасындағы жекпе-жек те қаралып жатыр. Васяның жеңгенін төрткүл дүниенің жанкүйерлері көрді. Халықаралық БАҚ-өкілдері де жарыса жазып,көптеген белгілі боксшылар, спорт сарапшылары Левиттің жеңгенін айтқан еді. Егер ХОК-ті бұл іске шындап кірісетін болса, біздің боксшымызға алтын медалін қайтарып берулері мүмкін. Өйткені спорт та ондай оқиғалар болып жатыр, — дейді Мырзағали Айтжанов.

Ал, үнемі Олимпиадада бокстан алтын алып жүрген қазақтар үшін жоғарыда көтерілген мәселе өте маңызды екені белгілі.

Соңғы жаңалықтар