Лионель Месси әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лионель Месси әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды

Жуырда ғана каталониялық "Барселонамен" келісімшартын ұзартқан аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанды. Бұл туралы Marca басылымы хабарлап отыр.

25 қараша күні "Барселона" 30 жастағы шабуылшы Мессимен келісімшарт жасағанын хабарлады. "Барселона" Мессидің өз міндетінен бас тартқаны үшін төленетін өтемақы құнын 700 миллион еуроға бекітті.

Испаниялық басылымның мәліметі бойынша, жаңа шартнама бойынша ол енді клубтан 30 миллион, ал қосымша сыйақыларды қоса есептегенде 43 миллион еуро жалақы алатын болды. Сонымен қатар аргентиналық шабуылшы жаңа келісімшартқа қол қойғаны үшін клубтан 50 миллион еуро көлемінде сыйақы алды.

Осылайша Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанып отыр. Бұған дейін әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы - Карлос Тевес еді. Қытайдың "Шанхай Шеньхуа" клубында өнер көрсететін аргентиналық шабуылшы 38 миллион алады.

Одан кейін тізімде Неймар (ПСЖ, 36 миллион еуро), Криштиану Роналду ("Реал", 34), Оскар (Шанхай СИПГ, 24), Гарет Бэйл ("Реал", 23), Эсекьель Лавесси ("Хэбэй Чайна Фортун", 22), Халк ("Шанхай СИПГ", 20), Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 17), Грациано Пелле ("Шаньдун Лунэн", 15) секілді футболшылар жайғасқан.

  • 28 Қараша 2017
  • 834
Фото - Caravan.kz

Жуырда ғана каталониялық "Барселонамен" келісімшартын ұзартқан аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанды. Бұл туралы Marca басылымы хабарлап отыр.

25 қараша күні "Барселона" 30 жастағы шабуылшы Мессимен келісімшарт жасағанын хабарлады. "Барселона" Мессидің өз міндетінен бас тартқаны үшін төленетін өтемақы құнын 700 миллион еуроға бекітті.

Испаниялық басылымның мәліметі бойынша, жаңа шартнама бойынша ол енді клубтан 30 миллион, ал қосымша сыйақыларды қоса есептегенде 43 миллион еуро жалақы алатын болды. Сонымен қатар аргентиналық шабуылшы жаңа келісімшартқа қол қойғаны үшін клубтан 50 миллион еуро көлемінде сыйақы алды.

Осылайша Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанып отыр. Бұған дейін әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы — Карлос Тевес еді. Қытайдың "Шанхай Шеньхуа" клубында өнер көрсететін аргентиналық шабуылшы 38 миллион алады.

Одан кейін тізімде Неймар (ПСЖ, 36 миллион еуро), Криштиану Роналду ("Реал", 34), Оскар (Шанхай СИПГ, 24), Гарет Бэйл ("Реал", 23), Эсекьель Лавесси ("Хэбэй Чайна Фортун", 22), Халк ("Шанхай СИПГ", 20), Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 17), Грациано Пелле ("Шаньдун Лунэн", 15) секілді футболшылар жайғасқан.

Соңғы жаңалықтар