Жарияланды: 340

Лионель Месси әлемдік рекордты жаңартты

Аргентиналық футболшы Лионель Месси күнтізбелік жыл ішінде барлық жарыстарда кіргізілген доптар бойынша 40 жылдық рекордты жаңартты,

деп хабарлайды Русская служба BBC. «Барселонаның» шабуылшысы жексенбі күні Испанияның севильялық «Реал Батис» клубына қарсы чемпионатындағы ойында екі гол салды. Осылайша, Месси 2012 жылы қақпаға салған доп санын 86-ға жеткізді. Бұған дейінгі рекордты 1972 жылы неміс футболшысы Герхард Мюллер жасаған еді. Оның есебінде 85 гол болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін